Мероприятия

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

1- сыныпқа қабылданатын балалардың мектепке алғашқы дайындық күнделігінен.....
Автор: admin

XX ғасыр көшбасшысы

   Сәлем, достар аман ба?

   Мына бейбіт заманда,

   Қуантамын бәріңді.

   Білімдіден қалам ба?!

   Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздер «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысқа келіп отырсыздар.Білім сайысын ашық деп жариялаймыз.

   Ақыл-тон, аңдағанға тозбайтұғын,

   Білім-кең, қанша болса азбайтұғын.

   Қатарың оза шауып бара жатса,

   Арқаңның ауруы не қозбайтұғын-деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырамыз.

   ( Байқауға қатысушылар ортаға келеді)

   Өнер менен білімде,

   Әркімнің өз жолы бар.

   Сайысарлық бүгінде,

   Өзіндік менің үнім бар-дегендейін білімпаз-жастар өздерін таныстырып өтсін.

   (Жеке-жеке өздерін таныстырады)

   Шын жүйріктер сыналады жарыста,

   Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

   Әділ қазы бағалайды Сіздерді,

   Жеңіс-мәре жақын ба әлде алыс па-демекші, қазылар алқасымен таныстырайық.

   (Әділқазылармен таныстыру)

   (Сайыстың өтілу барысымен таныстыру)

   Сайыс 5 бөлімнен тұрады:

1-бөлім: «Бәйге»

2-бөлім: «Тіл-Өнер»

3-бөлім: «Төрт  жұмбақ»

4-бөлім: «Тапқырлық»

5-бөлім: «Жорға».

   (1-бөлімнің шартын түсіндіріп кету)

   Тест сұрақтары бойынша жарыс. 6 сұрақ беріледі, әр сұраққа 3 жауаптан бар, 1 жауабы дұрыс.

   Ал, іске сәт!

   Бәйге десе бұлқынбас жас болар ма-деп, 1-бөлім «Бәйгені» бастайық.

1. Ең бірінші бақытым-Халқым менің,

... Ал екінші бақытым-Тілім менің.

... Бақытым бар үшінші-Отан деген.   Кімнің өлеңі?

    а) Мұқағали мақатаев

    б) Бауыржан Момышұлы.

   в) Мұхтар Шаханов

2. Ұлы Отан Соғысына қатысып, Отанымызды жаудан қорғаған халық батыры кім?

   а) Сәбит Мұқанов

   б) Бауыржан Момышұлы

   в) Бердібек Соқпақбаев

3. Абай мен Ыбырайдың ізін жалғастырған ұлы ғалым, ақын-аудармашы кім?

   а) Мағжан Жұмабаев

   б) Сәбит Мұқанов

   в) Ахмет Байтұрсынов

4. Мәңгілік Өмірді аңсаған кім?

   а) Асан Қайғы

   б) Құрманғазы

   в) Қорқыт

5. Аяғы бар, басы бар,

    Арқалаған тасы бар.

   1) Тасбақа

   2) Бақа

   3) Көлбақа

6. Өлеңмен жазылған шығарма

   1) Әңгіме

   2) Поэма

   3) Повесть

   Әділқазылар бірінші бөлімді  қорытындылағанша біз сіздермен жұмбақ шешейік.

 1.Сылдырдан қорқады,

    Шошынып жортады. (қоян)

 2. Ауаға шықса ауырады,

     Су ішінде сауығады. (балық)

 3. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз)

 4. Сөз сөйлесең қозғалыста болады. (тіл)

 5. Таяқ жеген сайын ойнақтаған. (доп)

Бірінші «Бәйге» бөлімді қорытындылайық, сөз кезегі қазыларда.

   2-бөлім. «Кім жұмбаққа жүйрік?»-екен «Тіл-өнерді» жалғастырайық. Бұл бөлімнің шарты берілген жұмбақтың шешуін қазақша, орысша, немісше айтамыз.

   1. Бүгін киген ақ тоным,

Ертең болар қара тон.

Қара тоным аздан соң,

Болып кетерала тон.

(Жер, Земля, die Erde)

    2. Үй үстінде ұсақ тас,

Ұстайын десем ұстатпас.

(Жұлдыз, Звезда, der Stern)

    3. Қардай аппақ, Балдай тәтті-ақ.

(Қант, Сахар, der Zucker)

    4. Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ татпайсың.

(Тұз, Соль, das Salz)

    5. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

(Кітап, Книга, das Buch)

    6. Әрі қызыл, әрі тәтті.

Татқан жанды таңырқатты.

(Алма, Яблоко, der Apple)

 

    7. Ұрсаң жерде зулайды,

Жерде қарғып тұрмайды,

Тиіп кетсе басыңа,

Ешбір зиян қылмайды.

(Доп, Мяч, der Bal)

    8. Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен.

(Су, Вода, das Watter)

    9. Бір аяқ, көп қол.

(Ағаш, Дерево, der Baum)

 

Көрермендер көрімдігі ретінде «Мақал-сөздің мәйегі» деп көрермендерді жарыстырсақ. Берілген сөздерге мақал-мәтел шығару қажет. (Отан. Кітап. Білім. Сөз. Ана ) «Орамал тон болмайды, жол болады»,- деп жеңімпаз көрермендерге сыйлық беріледі.

Төрт көзіміз түгел болса, келесі бөлім «Төрт жұмбақты» бастайық. «Төрт  жұмбақ» бөлімінің шарты: 7 пән бойынша сұрақтар болады, соған жауап беру керек

Қазақ тілі.

1. Етістіктің райлары.  (Ашық, шартты, қалау, бұйрық рай)

3. Антоним дегеніміз не?  (Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер)

5. Сөз таптары нешеу?  (9)

6. Қазақ тілінде неше септік бар?   (7)

7. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?   (42)

8. Зат есім дегеніміз не?   (Заттың атын білдіретін сөз) 

Әдебиет.

1. Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келді?   (1804 жылы)

2. Абайдың әжесі кім?  (Зере)

3. Дулат Бабатайұлы кім?    (ақын)

4. Ахмет Байтұрсынов қай жылы дүниеге келді?   (1873 жылы)

5. Асқақ арманды ақын кім?   (Сұлтан Махмұт Торайғыров)

6. «Көксерек» әңгімесінің авторы кім? (Мұхтар Әуезов)

Физика.

1. Ұзындық бірліктері (метр, километр, дициметр, сантиметр)

2. Аудан бірліктері (квадрат метр, квадрат километр)

3. Уақыт бірліктері ( минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл)

4. Көлем бірліктері (куб метр, куб милиметр)

5. Күш бірліктері (ньтон, килоньтон)

6. Масса бірліктері (грамм, килограмм, тонна)

 

Орыс тілі.  Төмендегі сөздерді орыс тіліне аудару керек.

1. Ең ардақты сөз-Самое важное слово.

2. Зат есім-имя существительное.

3. Сын есім-имя прилогательное.

4. Есімдік-местоимение.

5. Үстеу-наречие.

6. Сан есім-имя числительное.

Көрермендермен сөзжұмбақ шешу.

Көлденеңінен:

1. 100 жыл.

2. 7 күн.

3. 24 сағат.

Тігінен:

1. 60 минут.

2. 12 ай.

3. Аптаның 5-ші күні.

        Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.

«Қиыннан қиыстырар ер данасы»,- деп, 4-бөлім «Тапқырлықты» бастайық. Бұл бөлімнің шарты берілген ұзын сөзден, қысқа сөздер шығару керек. Екі және үш әріптен тұратын сөз құруға болмайды. Сөз: «Құттықтаймыз». Бұған 2 минут уақыт беріледі. Осы бөлімнен кейін 4 бөлімнің қорытындысы бойынша ойынды ең мықты деген екі көшбасшы ғана жалғастырады.

Енді көрермендерге кезек келіп отыр. «Мақал-сөздің мәйегі». Мақал-мәтелдердің бірінші жолы берілген, мақал-мітелдерді жалғастыру.

1. Әдепті бала-... (арлы бала)

2. Үлкендерге құрмет, ... (кішілерге ізет)

3. Денсаулық- ... (зор байлық)

4. Ер дәулеті- ... (еңбек)

5. Батыр бір өледі, ... (қорқақ мың өледі)

6. Талабы жоқ жас- ... (қанаты жоқ құс)

7. Досы жоқ адам- ... (тұзы жоқ тағам)

8. Отан-елдің анасы, ... (ел-ердің анасы)

9. Бірлігі жоқ ел тозады, ... (бірлігі күшті ел озады)

10. Дұшпаннан бір сақтан, ... (жаман достан мың сақтан)

11. Білімсіз адамның сөзі білектей, ... (білімді адамның сөзі жібектей)

12. Өнер алды-бірлік, ... (ырыс алды тірлік)

Сөз кезегі әділқазыларға.

Ақырғы «Жорға» бөлімін жалғастырайық. Бұл бөлімнің шарты әр оқушыға 25 сұрақтан және 1 минуттан беріледі. Осы уақыт ішінде қанша сұрақты тыңдап және қаншасына дұрыс жауап беретінін көрейік.

1. 1 км неше метр?  (1000)

2. Қандай құс хат тасушы атанған?   (көгершін)

3. Автобусты күтетін жер.   (аялдама)

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.   (қазақ тілі)

5. 3 биді ата.   (Төле, Қазыбек, Әйтеке билер)

6. Зат есімнің сұрақтары?   (кім? не?)

7. Құлагер кімнің аты?   (Ақан Сері)

8. Құстың үйі?   (ұя)

9. Мұсылмандардың жаңа жылы қашан?   (22.03)

10. Қасиетті сандар?   (3,7,9,40)

11. Сенің атың кім?

12. Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі.   (түбір)

       13.  Жартылай тұщы, тұйық көл.   (Балқаш)

14. «Здание» сөзін қазақшаға аудар.   (ғимарат)

15. Конституция күні қашан?  (30 тамыз)

16. Қазақ зерттеушісі.   (Шоқан Уәлиханов)

17. Мәтіннің неше түрі бар?   (3 түрі)

18. Қазақстанның астанасы.   (Астана)

19. Күрішті аймақ.   (Қызылорда)

20. Қарындаш қандай?   (Қатты)

21. Пластилин қазақша қалай аталады?   (ермек саз)

22. 1 минутта неше секунд?   (60 секунд)

23. 16 желтоқсан қандай күн?   (Тәуелсіздік күні)

24. Аспанда қанша жұлдыз бар?   (сансыз)

25. Ең үлкен жануар?   (піл)

 

26. Балғожа кімнің атасы?  (Ыбырай)

27. Нағашы кімнің туысы?   (Ананың)

28. Өнер алды....   (қызыл тіл)

29. Көмірлі аймақты астана.  (Қарағанды)

30. Клей қазақша қалай аталады?   (желім)

31. Сен қай облыста тұрасың? 

32. Сен қай ауданда тұрады?  

33. Қ.Р. елбасы кім?   (Н.Назарбаев)

34. А.Құнанбаевтың неше қара сөзі бар?   (45)

35. Қазақстан туы қандай матадан жасалған?   (тік бұрышты көгілдір)  

36. 1 ғасырда неше жыл бар?   (100)

37. Сексен көлді, көгілдір таулы аймақ.   (Көкшетау)

38. Тартылып бара жатқан теңіз?   (Арал)

39. Наурыз көжеге неше тағам саламыз? (7) 

40. Сарамен айтысқан айтыскер.   (Біржан)

41. Ойды қалай,немен жеткіземіз?   (сөзбен)

42. Қуанышты хабар жеткізушінің сөзі.   (сүйінші)

43. Шетел Аяз атасы.   (Санта Клаус)

44. Сенің руың кім?  

45. Ұлыстың ұлы күні қашан?   (22.03)

46. Түңгі жарық.    (Ай)

47. Жер шарының моделі.   (Глобус)

48. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?   (Бүркіт)

49. Қ.Р-ның рәміздері?   (Ту, Елтаңба, Әнұран)

50.Тышқанның жауы?   (мысық).

 


Просмотров: 1143
Дата создания: 03.02.2012
Дата редактирования: 03.02.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource